Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды


Фото: Арман Мухатов
Аталған 4 борышкердің жалпы берешек қарызы 8,1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда облысы Арал ауданы прокуратурасы алимент төлеу жөніндегі міндеттерінен 3 айдан астам уақыт жалтарған қаскөй 4 борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139 бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Аталған 4 борышкердің жалпы берешек қарызы 8,1 млн теңгені құрайды. Борышкерлер өз міндеттерін орындамаудан қасақана жалтарғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар жыл басынан 16 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 млн теңге алимент өндірілген,- деген хабарламада.
Сотталушылар кінәсін толығымен мойындап, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Үкімдер заңды күшіне енген.
Алиментті уақытылы және толық төлеу бұл әр ата-ананың парызы.
Облыс прокуратурасы алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды ерекше бақылауда ұстауда.
19 қараша 2024 ж. 175 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 31

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 31

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031