Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айыппұл арқалағандар анықталды

Айыппұл арқалағандар анықталды

Аудан көлемінде облыс прокурорының орынбасары Н.Е.Ермановтың үйлестіруімен Қазалы аудандық прокуратурасы және Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, Қазалы ауданы бойынша жеке сот орындаушылары және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Әйтеке би кентінде «Борышкер» рейдтік іс-шарасы жүргізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекет пайдасына және алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерден қаржы өндіруге байланысты болған.
Рейд нәтижесінде 6 автокөлік айып алаңына қамалып, 1 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Ағымдағы жылы сот орындаушылардың өндірісінде мемлекет пайдасына қаржы өндіру бойынша 96,9 миллион теңге қарыз қалыптасып, аудандық прокуратураның ықпалымен 24,5 миллион теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
Сонымен қатар, алимент өндіру бойынша өндірістегі 31 млн теңге қарызды құрайтын 27 проблемалық борышкерлер түгел жұмыссыздар есебіне қойылды.
Осы санаттағы 5 борышкер жұмысқа орналастырылып, 4-не іздеу жарияланса, бір атқарушылық құжат қысқартылды, 3 атқару өндірісі басқа аумаққа жолданды.
Биылғы жылы алимент төлеуден жалтарған 19 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 сәуір 2021 ж. 1 338 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930