Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада полицейлер кальян шегудің 9 дерегін анықтады

Қызылордада полицейлер кальян шегудің 9 дерегін анықтады

Фото: Polisia.kz
Қызылордада “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер кальян шегудің 9 дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс көлемінде “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараны өткізу барысында учаскелік полиция қызметкерлері темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзудың 9 фактісін анықтады.

Мысалы, түнгі уақытта қала орталығында орналасқан дәмханалардың бірінде кальян шегіп отырған кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама ресімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда шегуге тыйым салынған кальян, темекі және темекі өнімдерін тұтынатын адамдарды анықтау мақсатында күн сайын түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жыл басынан темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін және кальян қоспаларын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.
19 қараша 2024 ж. 119 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930