Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы бір петиция: Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

Тағы бір петиция: Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмауы мүмкін, себебі бәрі цифрландырылмақ. Халықтың табысы туралы деректерді онлайн да алуға мүмкіндік бар. Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңін өткізуді тағы бір пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларацияға қарсы петициға қол жинап жатыр. Яғни, жеке және заңды тұлғалардың кірісі мен шығысын есептеуге еш негіз жоқ дейді. Петиция авторлары халық онсыз да табысының жартысынан көбін ішер асына жұмсайды дейді. Сондықтан жалпыхалықтық декларацияның үшінші және төртінші кезеңінен бас тарту керек. Немесе өзгерістер енгізу үшін бес жылға кейінге қалдыру керек деп отыр. Тұрғындардың пікірі де осыған саяды.

“Қарапайым халықтың жасыратын несі бар? Ешқандай өзінің кіріп жатқан, шығып жатқан табысы туралы ешкім бірдеңені жасыра қоймайды деп ойлаймын. Керісінше, әкімдер, билікте отырған басқа адамдар шығыстары мен кірістері жайлы ашық көрсетсін”, – деді тұрғын.

“Бай адамдарға кіріс-шығысын көрсетсін, ал қарапайым адамдар нені жариялайды? Асып-тасып жатқан ештеңеміз жоқ. Тығатынымыз жоқ”, – деді қазақстандық.

Петиция авторлары алдымен салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет деп отыр. Өйткені декларациялау талабы мен қолданыстағы салық заңнамасы бір-біріне қарама-қайшы екенін айтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ел азаматтарын декларация тапсыруға міндеттеу мәселесін қайта қарастыруды тапсырған еді. Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру ісі дамыған заманда қазақстандықтардың құжат толтыруы орынсыз.

“Қазіргі таңда мемлекеттік органдар және уәкілетті ұйымдардың барлық қызметі цифрландырылған. Елдегі қолма-қолсыз ақша қаражат айналымы 86%-ға жетті. Шетелдік ұйымдармен де келісімдер бар. Сол арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарындағы деректерді ала аламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті президентіміздің 4 кезеңдегі декларациядан босату жөнінде тапсырмасын орындауға дайын”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңі басталады. Онда серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерден өзге барлық азаматтар табысы бойынша есеп беруі тиіс. Қазір петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Ал құжат елу мыңнан астам қол жиналған жайдайда ғана қаралады.
19 қараша 2024 ж. 38 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930