Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы уақытта декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады

Алдағы уақытта декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады

16 қыркүйек күні Қазақстан жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі бойынша декларация қабылдауды аяқтады. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны тапсыра алмағандарға қандай шара қолданатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырды. Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 2 миллионнан астам жеке тұлға алғаш декларация тапсырған.
Ал декларацияны тапсырмағандарға салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді.

“Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күнінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет. Мұндай салық төлеушілерге Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру түріндегі шара қолданылады”, – деп ескертті мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz) және "E-Salyq Azamat", "eGov mobile" Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы тапсыра алады.
05 қараша 2024 ж. 309 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031