Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы тәрбие оң әрекеттен басталады

Отбасындағы тәрбие оң әрекеттен басталады

Отбасы жанына жанашыр адамдардың бір-біріне жылу, құрмет пен сыйластық танытатын ортасы. Өкінішке қарай, жанұясындағы жанашырым деп таныған адамнан әртүрлі былапыт сөз естіп, психологиялық қысым көріп, одан әрі күш көрсетіп, ұрып-соғумен ұласып жатқан деректер толастамай тұр.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің басым көпшілігі қоғамның әлсіз топтары әйелдер мен балалар, қарттар. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 15.04.2024 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ауданымызда «Отбасын қолдау орталығы» ашылып, «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес қызмет атқаруда.
Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресте аудандық полиция бөлімімен біршама жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жыл басынан отбасы жанжалы бойынша 141 хабарлама түсіпп 141 азамат қорғау нұсқамасы санатымен, 19 азамат «ерекше талап» санатымен бөлімнің профилактикалық есебіне алынды. Профилактикалық есепке алудың маңыздылығы құқық бұзушы тұлға учаскелік полиция инспекторымен аптасына кемінде бір рет тексеріліп, қылмыстың алдын алу бағытында әңгімелесу жүргізіледі, яғни құқық бұзушы бақылауда болады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен есепке алынушы тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, бақылау жүргізілуде. Дені сау ұрпақ тәрбиелеп, жарасымды жанұя болу отбасында үлгілі тәрбие беруді қажет етеді. Ал зорлық-зомбылық әрекеті үйдің берекесін қашырып, балалардың психологиялық санасына кері әсер ететіні анық. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес ешқашан тоқтамайтын процесс. Бұл ретте 102 арнасы әрдайым байланыста.
Қазалы ауданы полиция бөлімі

25 қараша 2024 ж. 151 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031