Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік пен берекенің ұясы

Бірлік пен берекенің ұясы


Отанды сүю, патриот болу, ел игілігіне қызмет ету отбасында алған тәлім тәрбиеден бастау алады. Отбасының іргесі берік қаланып, шаңырақ шайқалмауы үшін бір ғана адамның күш салуы жеткіліксіз.

Қазіргі уақытта отбасының берекесін қашырып, некенің бұзылуына алып келетін ең үлкен себеп – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бір адамның екінші адамға қатысты күш көрсету, психологиялық қысым жасау әрекеті. Бұл жағдай отбасындағы баланың үлкендердің қалыпты өмір сүру дағдысынан айырып, оларды қорқыныш пен үрейде, белгісіздікте болуына әкеледі. Жағдайдан шығудың жолы көмек сұрау.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда полициямен қатар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс атқаруда. Отбасындағы жанжал болса әйелдер кеңесі мен ардагерлер кеңесі арқылы отбасы құндылықтары насихатталып, құқық бұзушылықты қайталамау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Отбасы береке мен бірліктің бастауы, балалардың алтын ұясы. Қазіргі қоғамдағы түрлі кикілжіңдер уақытында отбасын сақтау, түрлі сыртқы әрекеттерден қорғау, болашақ ұрпаққа үлгілі тәрбие беру – баршамыздың міндетіміз.
Сәуле Бишекова,
Қазалы ауданы полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
тобының инспекторы, полиция капитаны
07 қыркүйек 2024 ж. 201 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 150

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031