Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл бар ма?

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл бар ма?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары негізінен қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе қатігездікке тап болған әйелдер, балалар немесе қарт ата-аналар. Құқық бұзушылықтардың осы түрлері латенттік сипатқа ие, өйткені отбасындағы жақын адамдардың арасында орын алады,оған жәбірлеушімен жақын туыстық қатынаста бола отырып, ұзақ уақыт зорлық дерегін жасырып, оған шыдап жүреді.
Қылмыстық заңда отбасы-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықпен байланысты түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұған денсаулыққа түрлі ауырлықтағы зиян келтіру, қорқыту, ұрлау, қинау, адам өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, ұрып-соғу, азаптау, жыныстық дербес құқықтылыққа қарсы қылмыстар, адамдардың саудасы және басқа да қылмыс түрлері жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тікелей сол зорлық жасалған тұлғаларға ғана емес, жалпы қоғамға да ауқымды залал алып келеді. Отбасында жиі орын алатын зорлық-зомбылық бірінші кезекте отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелеріне әсер етіп, олардың үйлесімді дамуына кедергі келтіреді, некенің бұзылуына алып келеді, алайда некенің бұзылуы жәбірленушіні зорлық-зомбылықтан құтқара алмауы да мүмкін.
Жиі туындаған құқық бұзушылықтар пәтердің үйдің шегінен шығып, өзге әлеуметтік салалардағыадамдардың құқықтары мен еркіндігін бұзады. Өз отбасы мүшелеріне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасайтын тұлғалардан қарсы тұрамын деп немесе жәбірленушіні қорғаймын деп көршілері, жұмыстағы әріптестері, таныстары немесе бөтен тұлғалар зардап шегуі мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық әр түрлі нысандарда көрініс табады, олар күш көрсету, психологиялық нәпсіқұмарлық және экономикалық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңына сәйкес, құқық бұзушыға қатысты мынадай әсер ету шаралары қарастырылады:
1)Профилактикалық әңгіме;
2)Қорғау нұсқамасын шығару;
3)Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
4)Құқық бұзушының мінезіне ерекше талаптар белгілеу;
5)Сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ашық айтыла бермейді. Бұған қалыптасқан менталитеттің де әсері зор. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуші өз іс-әрекетінде жасырын қылмыстық іс-әрекет барын ойланбайды.
Отбасында үнемі қайталана беретін зорлық-зомбылық қылмысқа алып келеді. Ал қылмыс үшін заңда жауапкершілік көзделген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, болдырмау, әрбір адам үшін уақытында әрекет етуді, көмекке шақыруды керек етеді, зорлыққа тосқауыл бар.
Сауле БИШЕКОВА,
Қазалы АПб-і Жергілік полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы
полиция капитаны
28 қараша 2023 ж. 325 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930