Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБ банктерге қойылатын талаптарды қайта қарап жатыр

ҰБ банктерге қойылатын талаптарды қайта қарап жатыр

Фото: Артем Викторов/Kazinform
ҚР Ұлттық банкі Павлодар қаласындағы Halyk банкі бөлімшесі ғимаратының қабырғасын қирату оқиғасынан кейін банктер, айырбастау пункттері және инкассаторлық қызметтер үшін қауіпсіздік нормаларын күшейтуді қолға алды.
Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Жаңашылдық қолма-қол ақша сақталатын бөлмелерге қатысты, ол бойынша қатаң стандарттар енгізілуде.
Ұлттық банк ҚР СТ EN 1143-1-2020 стандартын енгізуді ұсынады, яғни сейфтер, банкоматтарға арналған сейфтер, есіктер мен сейф қоймалары туралы айтылған. Сондай-ақ, EN 1627-2011 халықаралық стандартын қосу ұсынылып отыр, ол есіктер, терезелер, қабырға бөлімдері, торлар мен жапқыштар, яғни бұзуға төтеп берудің қандай болуы керек екенін реттейді. Бұл шаралар қауіпсіздікті арттыру үшін қажет.
Айта кетсек, бірер күн бұрын Павлодарда банк бөлімшесінің қабырғасы ломмен бұзылғаны хабарлаған едік. https://kaz.inform.kz/news/pavlodarda-bank-bolmshesnn-kabirgasi-lommen-buzilgan-1391ed/ Полиция қызметкерлері бес қабатты тұрғын үйдің түбінде орналасқан банк бөлімшені қоршауға алды. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқаны айтылды.
14 қараша 2024 ж. 57 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930