Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 миллион теңге қолма-қол ақша сақтауға болатын сейфтер

14 миллион теңге қолма-қол ақша сақтауға болатын сейфтер

  Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың үйінде 14 миллион 142 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша сақтай алатыны жайлы хабарлаған еді. Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы сейф сатушыларынан бірнеше миллиондаған ақшаны сақтайтын сейф қанша тұратынын және оны кімдер сатып алатыны туралы сұрап көрді.
   Алматыдағы дүкендердің бірінде айтылғандай, ұзындығы жарты метр, бұзуға келмейтін сейф ішіне 14 миллион 142 мың теңге сыяды. Бағасы 200 мың теңгеден басталып, жоғарылай береді екен. "Арзанырақтары да бар. Отқа төзімді сейф 60-70 мың, ал бұзуы қиындары 80 мың теңге тұрады. Кез келгеніне ақша үлкен купюрада болса, бұл сома сыяды. 14 миллион дегеніміз - 14 бума 10 мыңдық және 7 бума 20 мыңдық купюра. Бос орын да қалып қояды", - деді сейф сататын дүкеннің қызметкері Любовь. Оның айтуынша, ең өтімді сейфті адамдар құжат сақтау үшін алады. "Сатып алса да, олар "маған көп ақша сақтау үшін үлкенірек сейф беріңізші" деп сұрамайды. Тұтынушылар көбіне нөлдік қатарлы (класс) сейфті сатып алады деп айта аламын, сонымен қатар 1, 2, 3 қатарлы. Бұдан бұзуға төтеп бере алатын 5 қатарлы сейфтер нарықта сатылмайды", - деді маман.
  Сейф сатушысының түсіндіруінше, сейф қауіпсіздігі оның қалыңдығына байланысты екен. Қабырғасы қалың болған сайын, қатары жоғарылайды, тиісінше, бағасы да қымбаттайды.

kaz.tengrinews.kz
23 шілде 2018 ж. 1 974 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930