Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Жыл басынан бері 500-ден аса адам әртүрлі инвестицияларға тарту арқылы жасалған алаяқтық құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды inform.kz
«Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік іс-шараларын ұстану қажет. Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейне қоңырау арқылы да. Егер сатушы басқа қалада болса, онда таныстарыңыздан немесе туыстарыңыздан тауарды алуды және жіберуді өтініңіз», - деді орталық бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқанын айтады.
«Жыл басынан бері 500-ден аса адам мұндай схемалардың құрбаны болды. Олар ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар, кейбір жағдайда осы мақсат үшін несиелер рәсімдеді. Жеңіл ақшаны іздеп жинақтарын жоғалтты. Алаяқтар ірі компаниялардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір реттік дивидендтер төлейді», - деді Жандос Сүйінбай.

24 сәуір 2023 ж. 314 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 32

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 23

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 19

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930