Тұрғындар тілегі тыңдалды

Сонымен қатар, өзекті мәселелерді шешу жолында жаңа міндеттер қойды. Әсіресе, халықпен жақын болып, әлеуметтік желі арқылы олардың сұрақтарына жауап беруді міндеттеді. Яғни, ашықтық пен жариялылықты кеңінен насихаттап, жүйелі жұмыс жасауды тапсырды. Жақында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, жол салу, жарық орнату, қызметтік үйді жекешелендіру сынды мәселелерді көтерді.
Келушілердің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-сауалдары жауапты мамандар тарапынан жан-жақты қарастырылды. Әрбір мәселенің себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары айтылып, кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Сондай-ақ бірқатарының шешілу жолдары да көрсетілді.
Қабылдауда аудан әкімі тұрғын үй кезегі мәселесімен келген тұрғындарға, биыл ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 74 үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріліп жатқанын айтып, кезектілікке сәйкес баспанамен қамтылатынын жеткізді.
Көтерілген мәселелердің әрбірі заңда белгіленген тәртіппен, кезең-кезеңімен шешіледі. Аудан басшысы осыған орай жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма да берді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Серік АҚМЫРЗА