Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады


Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілік тәртібімен жазылған 21 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, көше асфальттау, инфрақұрылым жүргізу мәселелерін көтерсе, бірі жеке мәселелері бойынша да көмек көрсетуді сұрады. Сонымен қатар қабылдауда «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен несие алу мәселесін көтерген тұрғындар да болды.
Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді.
Мұнан бөлек, басқа да мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, бұл бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
07 шілде 2024 ж. 287 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031