Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 12 адам келді.


Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу бар.

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Қабылдауға келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің шешу жолдарын білді.

Мәселен, 36 жастағы қала тұрғыны балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үйінің жанындағы жол бойына бағдаршам орнатуды сұрады. Аймақ басшысы ол тұсқа түнде жанатын арнайы жол белгілері орналастырылатынын айтты. Ал 49 жастағы қала тұрғыны Жарқынбаев тұйығына асфальт төсеп, жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады. Сонымен қатар қала орталығындағы «Сарқырама» каналын тазарту туралы ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға 3 күн ішінде каналды тазалауды тапсырды. Ал Жарқынбаев тұйығын жарықтандыру және асфальттау мәселесі жақын күндері қарастырылатынын жеткізді. Әзірше жолға қиыршық тас төселмек.
Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
24 қараша 2023 ж. 256 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031