Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО жанындағы әскери кафедралардың саны жеткілікті – Қорғаныс министрлігі

ЖОО жанындағы әскери кафедралардың саны жеткілікті – Қорғаныс министрлігі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жыл сайын мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастардың санын арттыру туралы ұсынысқа жауап берді.

«Ашық ақпарат көзінен алған ақпаратым рас болса, жыл сайын армияға шақырылатын орын 40 мың адаммен шектелген екен. Яғни, миллиондаған жас армия өмірінен тыс қалады, қолдарына қару ұстап немесе әскери тәртіпті көрмейді. Болашақта мерзімді әскери қызметке тартылатын адамдардың санын арттыру жоспарларыңызда бар ма? Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың саны арта ма? Осыған байланысты сіздің ресми ұстанымыңызды білгім келеді», - деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Министрдің орынбасары армияға шақырылатындарың санын арттыру үшін министрліктің штат кестесін кеңейту керек екенін айтады.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылып отырғандардың саны бүкіл жастарды қамти алмайды. Санын арттыру мәселесі біздің штаттық құрылымға байланысты. Штаттық құрылым көбеймесе, оны көбейте алмаймыз. Кафедраларға келсек, бүгінгі бар әскери кафедралар қазіргі таңдағы геосаяси ахуалға байланысты бізге әскери оқытылған резервті қалыптастыру үшін жеткілікті», - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.


06 қараша 2024 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031