Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастармен TEDХ форматта кездесу өтті

Жастармен TEDХ форматта кездесу өтті

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті өңірдегі белсенді жастармен TEDХ форматында кездесу ұйымдастырды деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Шараға өңірлік Антикор басшысы Қ.Ахметқалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагері Б.Ниязов, антикор-волонтерлер, өңірдің белсенді жастары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс маңызды рөл атқарады және жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан бас тарту рухында тәрбиелеу арқылы ғана осы әлеуметтік індетті жоюға болады.
Кездесу барысында Куаныш Жұмағалиұлы іске асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерлік жобасы» туралы түсіндіріп, жастарды қоғамға пайдалы іспен шұғылдануға, аталған жобаға қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ат салысуға шақырды. Жастардың сұрақтарына жан жақты жауап берді.
Спикер Б.Ниязов «Антикор-волонтерлік» жобасының негізгі мақсаттарын атап өтіп, студенттерге патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуды ұсынды.Аталған жоба еріктісі О.Тұрсынбаев волонтер ұғымына жалпы түсінік беріп, олардың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар жиында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, волонтерлерді тіркеу Департамент тарапынан жүзеге асырылатыны айтылды. Ол үшін волонтер болуға ниет білдірген кез келген студентпен кері байланыс жасалатыны жеткізілді.
05 қараша 2024 ж. 182 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930