Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел билігі 2025 жылы ғарышқа өз зымыранымызды ұшыруға ниетті

Ел билігі 2025 жылы ғарышқа өз зымыранымызды ұшыруға ниетті

Ал аса жеңіл зымыранды сынақтан өткізу мерзімі 2030 жылға жоспарланған
фото: tengrinews.kz
Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Зымыран тасығыштың материалдары мен бөлшектерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зымыранның қоспа отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға, ал аса жеңіл зымыранды сынақтан өткізу мерзімі 2030 жылға жоспарланған, — деді министр.
Оның айтуынша, коммерциялық ұшырулар 2028 жылдан басталады деп жоспарланған.
Жасұлан Мәдиев 2027 жылы ұшыру жоспарланған Жерді қашықтықтан зондтау үшін үш спутник жасауға келісімшарт жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар спутникті өндіру бойынша Моңғолиямен экспорттық келісімшарт жасалған.
Спутниктік байланыс желілері мен телехабар таратудың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай KazSat-3 байланыс спутнигін ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір жоба бойынша оған дейінгі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылға дейін спутникті жасау туралы келісімшартқа қол қою жоспарланған, – деді министр.

01 қараша 2024 ж. 131 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930