Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3D басып шығарған зымыран тасығыш ғарышқа ұшуға дайын

3D басып шығарған зымыран тасығыш ғарышқа ұшуға дайын

Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағының ұшыру алаңында америкалық Relativity Space компаниясы жасаған Terran 1 зымыраны орнатылды және сынақтан өтуге дайын. Бұл толығымен дерлік 3D басып шығару әдісімен жасалған алғашқы зымыран тасығыш, деп хабарлайды egemen.kz.
Компания мәлімдемесінде Terran 1 ең үлкен 3D басып шығарған ұша алатын орбиталық нысан екені айтылған.
Зымыранның іске қосылуын YouTube-тан тікелей эфирде көруге болады. Эфир жергілікті уақыт бойынша түстен кейін басталады (Гринвич бойынша 17.00, Мәскеу уақыты бойынша 20.00).
Зымыранның ұзындығы шамамен 35 метр. Бұл ең кішкентай орбиталық зымырандардың бірі. Алайда Terran 1-дің басты айырмашылығы зымыранның 85 пайызы 3D басып шығарылған бөлшектер мен компоненттерден тұрады.
Зымыран салмағы 1250 кг-ға дейінгі жүктерді төмен жер орбитасына жеткізе алады және әр рейске 12 миллион доллар қаржы кетеді.
Алайда бұл жолы зымыранға жүк тиелмейді. Компания соңғы сынақты өткізбестен зымыранды ғарышқа ұшыруға дайын.
«Сынақ кезінде зымыранның құрылғылары тозып кетеді. Сондықтан егер барлық жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, біз бірден іске көшкенді жөн көреміз», деді Relativity Space өкілі.
09 наурыз 2023 ж. 200 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930