Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды

2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды

Kyzylorda-news.kz. Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты.

Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр.
«Жалпы, «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруды қысқартуға тоқталсақ, 2016 жылы тиісті уағдастыққа қол жеткізілді. Осы орайда жыл сайын «Протон» зымыран-тасығышы бес реттен артық пайдаланылмайтыны және 2026 жылға қарай бұл зымырандарды пайдалану толықтай тоқтатылатыны ескерілген», – деді министр депутаттардың сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Протон» зымыран-тасығышы бір рет ұшырылған. Ал 2021 жылға аталған зымыран-тасығыш бойынша Ресейдің жоспары әзірге ұсынылмаған.
«Қазір жылына бес рет пайдалану көрсеткішіне жетпейді. Олар бұл зымыран-тасығыштарды ұшыруды өздері қысқартып жатыр», – деді Бағдат Мусин.
13 мамыр 2021 ж. 382 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 64

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930