Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарлама аясында ауыл табиғи газға қосылды

Сайлауалды бағдарлама аясында ауыл табиғи газға қосылды


«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын 2027 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасында аймақтың газдандыру үлесін 80 %-ға жеткізу жоспарлаған болатын. Осыған сәйкес қазіргі таңда газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы аудан көлемінде қарқынды жүріп келеді.
Өткен аптада партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Абай ауылы табиғи газға қосылып, жергілікті тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде.

Бүгін партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сарабек Әділбеков, комиссия мүшесі Күншығар Әбілов пен партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспары аясында ауылдағы газдандыру жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күнге дейін аталған құрылыстың мерзімінде әрі сапалы пайдалануға берілуін бақылау мақсатында партиялық бақылау бекеті жұмыс жасап келді.

Айта кету керек, Абай ауылында өткен жылы Сайлауалды бағдарламаны іске асыру шеңберінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген болатын.

#AMANAT
23 қазан 2024 ж. 231 0

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031