Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс нысандары партияның бақылауында

Құрылыс нысандары партияның бақылауында

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының бір топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп пен Абай ауылында салынып жатқан амбулаториялық құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасады. Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін салынып жатқан нысандарда партиялық бекеттер орнатылған.
Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектепттің құрылысы 2021 жылы басталған. Мектеп ғимаратының құрылысы аяқталу уақытынан өтіп кетіп, мердігер тарапынан құрылысты тапсыру мерзімі кешіктіріліп отыр. Қазіргі таңда аталған құрылыс толық аяқталған, қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа мектепте балалардың еш кедергісіз білім алуына барлық жағдайлар қарастырылған десек болады. Қазіргі таңда мектепке керекті барлық жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жасалуда.
Бұдан соң партиялық бақылау тобы Абай ауылындағы халық игілігі үшін салынып жатқан денсаулық нысанына барып, құрылыстың сапасын бақылады.
Жаңа үлгідегі заманауи нысан іске қосылғанда мұнда аптекалық бекет, қабылдау және оқшаулау бөлмесі, лаборатория, физиотерапиялық емдеу мен күндізгі емдеу кабинеттері жұмыс істейтін болады. Амбулатория бір мезгілде 20 адамды қабылдап, 14 тұрғынға стационарлық ем қабылдауына лайықталған.
Дәрігерлік амбулатория құрылысының қарқынды жүргізіліп жатқанын көрген комиссия құрамы мердігер мекемеге құрылыстан байқалған аз - кем кемшіліктер бойынша ескертулер айтып, дәрігерлік нысанының сапалы әрі уақытылы аяқталуы партия бақылауында екенін жеткізді.
Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сербайұлы, комиссия мүшелері Нұрғиса Жаппарбергенұлы, Нұркен Ботабайұлы және Ардақ Нартайұлы қатысты.
Аталмыш нысандарға орнатылған партиялық бақылау бекеттері құрылыс жұмыстары толық аяқталғанша жұмыс жасайтын болады.
#AMANAT
#КPК
#РРКAMANAТ

10 қазан 2023 ж. 514 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031