Жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп құрылысы жүруде. Бүгін ауданға арнайы келген облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов құрылыс басына барып, жұмыс барысын көрді.
300 бала білім алатын оқу ордасының құрылысымен «Асар» ЖШС айналысуда. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, төбе жабындысын жабу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар ішкі сыртқы әрлеу, есік, терезе орнату, кафель жапыстыру, ауласын абаттандыру жұмыстары жасалуда.
Өз кезегінде Алмасбек Есмаханов партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан нысан толық әрі сапалы пайдалануға беріліп, жұмыстары аяқталғанға дейін партия тарапынан бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратындығын жеткізді.
Айта кетейік, жаңа білім ошағы құрылысының мерзімінде пайдалануға берілуін, құрылыс сапасын бақылау мақсатында өткен жылдың қараша айынан бастап партиялық бақылау бекеті жұмыс жасайды.
#AMANAT