Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттардың белсенділігі фракция отырысында қаралды

Депутаттардың белсенділігі фракция отырысында қаралды


Бүгін Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Оған арнайы аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.

Фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев төрағалық еткен жиында ең алдымен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы қаралып, фракция жетекшісі баяндама жасады. Өз сөзінде маңызды бастамаларды халық арасында нақты әрі тиянақты түсіндіруде белсенді болуға шақырды.

Мұнан соң күн тәрітібіндегі екінші мәселеге сәйкес депутаттардың белсенділігін арттыру жайында сөз болды. Фракция мүшелерімен атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды екенін айтқан Нұрғиса Жаппарбергенұлы жұмысты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында мәслихат депутаттарының қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондықтан халықпен тікелей байланыс жасауда белсенділігіміз жоғары болуы қажет. Партия мен өз сайлауалды бағдарламаларымыздың орындалуына бас мән беріп жұмыс жасап, аудан орталығындағы қоғамдық қабылдаулардан бөлек, сайлау округтеріміз бойынша да жиі қабылдаулар мен кездеселур өткізуіміз керек», - деді Нұрғиса Жалғасбаев.

Депутаттық сауалдар жолдауға ерекше назар аудару керектігін айтқан партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш халық қалаулыларын партиялық жұмыстарда белсенділікті арттыру қажеттігін жеткізді.
16 қазан 2024 ж. 196 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930