Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық саланың сапасы жайында депутаттық фракция отырысында қаралды

Коммуналдық саланың сапасы жайында депутаттық фракция отырысында қаралды

Бүгін партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаевтың төрағалығымен фракцияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа арнайы партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес жиында алдымен халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты аудандағы су, электр, газ және жылумен жабдықтау нысандарының жағдайы туралы қаралып, аталған салаларға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде Жалғас Оңғарұлы әр бағыт бойынша жеке тоқталып, ауданда коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан және алда жоспарланған жұмыстар жайында кеңінен айтып өтті.

Ал аманаттық депутаттар жалпы аудан бойынша коммуналдық саланың сапасына қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда аудандағы әлуеметтік нысандарды газдандыру, кәріз жүйесінің жұмысы, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету, көп қабатты үйлердің қасындағы жеке кәріз құдықтарының орналасу заңдылығы, ашық жатқан құдықтардың жайы бойынша ұсыныстар айтылды.
Мұнымен қоса жылу беру нысандарының алдағы қыс маусымына дайындығы жайында да сөз болды.

Сондай-ақ отырыста №11 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Әділбек Сарабеков сайлаушылар алдындағы сайлауалды уәделерінің орындалуы туралы баяндады.

Жалпы отырыс барысында алдағы жұмыстар бойынша маңызды ұсыныстар беріліп, тиісті қаулылар қабылданды.

#AMANAT
24 мамыр 2024 ж. 130 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 21

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 16

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 18

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30