Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Биыл Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков пен Атқарушы хатшы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев құрылыс алаңына барды.

Білім ордасы партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салынып жатыр. Мердігер мекеме «Асар» ЖШС өкілінің айтуынша ғимараттың құрылысы 65%-ға аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, электр жабдықтарын орнату, шатырын жабу сияқты бірқатар жұмыстар жүріп жатыр.

Жаңа ғимаратта бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылар білім алады. Мектептің айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа спорттық алаңдар салынады.

Білім ошағының құрылысы кестеге сай қарқынды жүріп жатқанын айтқан комиссия мүшелері, «Жайлы мектеп» болғандықтан, ол барлық жағынан жайлы, қолайлы бастысы сапалы болу қажет екенін жеткізді.

#AMANAT
15 тамыз 2024 ж. 211 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930