Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зерделі шәкірт зергері

Зерделі шәкірт зергері

«Ән-апай» деген сөз оған төлқұжаттағы атынан да жақын. Елдің әр түкпірінен осылай атаған жандар құрмет төрін ұсынып жатады. Мұндай қошемет-қолдау ұстаздықты мұрат тұтқан әрбір жанның арманы болса керек. Біз сөз етіп отырған Нағима Қарымсақова ширек ғасыр уақыттан бері өнерлі өрендерді қалыптастыруға күш салып келе жатқан музыка маманы. Оның тәлімін алған талай ұшқын ән әлемінде өзінің орнын ойып алған.
Нағима Көптілеуқызы М.Мәметова атындағы педагогикалық училище, Сейхун академиясының түлегі. Алғаш аудандық музыка мектебінде қызметін бастаған ол ұзақ уақыттан бері аудандағы оқушылар үйінің «Жеке ән» үйірмесінің жетекшісі.
Мұғалім мәртебесі шәкіртінің қол жеткізген табысымен сараланады.
Үйірме мүшелері Ж.Сағырбек, Ж.Ағыбай, А.Кәрім, Т.Алдан, Б.Орынбай, П.Алмас, М.Жеткербай, Н.Нақыш, Н.Жүсіпбек, Д.Оңдабай ІІІ Халықаралық «Жадыра, жас дарын!», республикалық «Өнерлі өркениет», ІІ Республикалық «Дарабоз» атты балалар шығармашылық байқауларында алдыңғы орындарға қол жеткізген. «Жеті өнер» ІІІ шығармашылық конкурсында Ж.Сағырбек, М.Балапанова бас жүлдені бұйдаласа, Н.Жүсіпбек бірінші, А.Құттымырза мен М.Раматалы екінші, А.Дүзелбай, Қ.Кемал, П.Алмас үшінші орын биігінен көрінген.
Ән орындаушылары даярланатын кабинет сөресінен «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі» Республикалық байқауының дипломы, «Оnline Google Groups» порталынан берілген, «Өркениет» педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының, «Қазақстан Үміті» VІ Республикалық конкурсының Құрмет грамоталарын көрдік. Үздік шәкірттерді бауылығаны үшін ҚР Білім және ғылым минстрлігінің, IV Республикалық рухани-патриоттық байқауының, Халықаралық «Ана туралы жыр» вокалдық байқауынының, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюссерлік орталығының, «Атадан балаға» қоғамдық қорының Алғысын аңғардық. IV Халықаралық «Жеті өнер» шығармашылық фестиваль-конкурсының, «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар сыны нәтижесімен қол жеткен «өнер жанашыры» кубогы, «Үздік тәлімгер», Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» журналы өткізген өнер жарысында «Үздік педагог» бағамы берілгенін білдік. Ұстаз кеудесінде жарқыраған «Мәртебелі педагог» төсбелгісі – сан жылғы жұмыстың қарымтасы.
Сахнаның сәніне айналған эстрада жұлдызы А.Қайбулла, Ақтөбе филормониясының әншісі Н.Омаров, Түркістан әскери оркестрінің солисі Г.Жақсылық, әнші-актрисалығымен танылып үлгерген С.Бұзаубаева, З.Сүндет, талай жарыс­та шыңдалған М.Жеткербай, Ә.Қуандықтар Нағима ұстаздың «ұстаханасынан» шыққан. Бұл тақырып сөз болғанда, «таланттар танылғанмен, оларды танытуға тер төккендер тасада қалып жатады. Бұл менің еңбегім, жетістігім» деп кейіпкерімізде кеу­де соғу жоқ. Ақырын жүріп, анық басып, адалдықтан, адамдықтан айнымай, өзі қанатын қомдаған тастүлегінің шыңға шыққанына шын марқайып, еңбегінің еш кетпегенін сезініп, рухани тынысын кеңейте түседі. Мақтаулы музыка баптаушысына қолқа салатындар қатары қалың. Жеке орындаушылардан бөлек қосымша мектептер жанынан құрған хор ұжымы, балабақша тәрибиеленушілерінен әзірлеген ұлт-аспаптар оркестрі бастамасы да нәтижелілігін көрсеткен.
Зерделі шәкірттер зергеріндей болған Нағима Қарымсақова сынды өз ісінің мамандары көп болса, қазақ өнері одан әрі өрістеп, көрерменіне ашқан құшағы ауқымдай түсері анық.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
05 қазан 2024 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930