Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаздарды жеке қабылдады

Жеңімпаздарды жеке қабылдады

Аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов ұстаздықтың үздік үлгісін көрсетіп, айтулы додаларда жеңімпаз атанып жүрген мұғалімдерді қабылдады. Атап айтсақ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қаскелең қаласында, Сүлеймен Демирел университетінде өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында топ жарған №102 орта мектебінің музыка пәнінің пұғалімі М.Саденова мен Оқушылар Үйінің «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Ж. Алишеваға құрмет көрсетті.
— Осындай көлемді сайыстың республикалық кезеңіне қазыналы Қазалының екі педагогы қатысып, нәтижесінде екеуі де жеңімпаз атануы мұндағы білім деңгейінің өз биігінен түспегенін дәлелдеп отыр. Әрі-беріден кейін бұл сіздердің мамандыққа адал, іске шынайы берілгендеріңіздің көрінісі деп білемін. Республикадағы мықтылардың бәйгесінде топ жарған сіздерге қарап шәкірттеріңіз де осал болмайтыны, биікке ұмтылуға бейімделетіні анық. Сондықтан кезекті белесті бағындырғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Абыройларыңыз аласармасын, — деді ауданның бас ұстазы.
Бұдан кейін, арнайы Алғыс хат табыстап, жеңімпаз ұстаздарға сыйлық үлестірді. Өз кезегінде мұғалімдер мұнымен тоқтап қалмайтындарын, балалардың болашағы үшін ізденісті жалғастыратындарын айтып, бөлім басшысына ризашылық білдірді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 ақпан 2024 ж. 256 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930