Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тұз бағасы күрт өсті

Қазақстанда тұз бағасы күрт өсті

Елімізде 24 қыркүйектен бастап бір апта ішінде 1 қазан аралығында тұз бағасы орта есеппен 2,4%-ға өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Тұз бағасының күрт өсуі бұған дейін 2022 жылдың наурыз айында болған еді. Зерттеуге сәйкес, ас тұзының құны Алматы қаласында 13,8%-ға айтарлықтай артқан. Алайда Алматы облысының орталығы Қонаевта тұз бағасы керісінше, 1,2%-ға түскен. Ресми статистикаға сенсек, бұл мегаполистегі тауарлар бағасы Қонаевқа қарағанда орта есеппен 10 теңге және 12%-ға жоғары дегенді білдіреді.

Ұлттық статистика бюросы фискалдық түсімдерге негізделген инфляция бойынша жаңа эксперименттік деректерді ұсынды. 2023 жылдың басынан 2024 жылдың маусымына еліміздің Астана, Алматы және Қарағанды облысында 20 тауарға қатысты есептеулер жүргізілді.

Мысалы, жыл басымен салыстырғанда маусым айының соңына қарай тұз бағасы ресми түрде 10,8%-ға төмендеді. Ал "эксперименттік” тұрғыда керісінше, 3,6%-ға өскен. Алматы мен Қарағанды облыстарында айтарлықтай өсім байқалмайды. Алматыда ас тұзы дәстүрлі есептеулер бойынша 1,5%-ға, тәжірибелік есептеулер бойынша 4%-ға қымбаттады. Қарағанды облысында классикалық бағалау бойынша тұздың бағасы 0,1%-ға түссе, чектер бойынша 1,1%-ға өскен.

“Дәл қазір Астанада ас тұзы жыл басымен салыстырғанда бұрынғысынша 9,4 пайызға арзандаған. Қарағандыда баға 1,3 %-ға, Алматыда 23%-ға өскені белгілі болды. Эксперименттік деректер болмағандықтан, бағаны дүкеннен алған түбіртектермен салыстыруға болады”, – деп жазды Telegram-арнасы.

Бұған дейін Қазақстанда жуғыш заттар мен сабындар бағасы шарықтағаны туралы жазған едік.
04 қазан 2024 ж. 78 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930