Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк әр аймақта азық-түліктің қаншалықты қымбаттағанын айтты

Ұлттық банк әр аймақта азық-түліктің қаншалықты қымбаттағанын айтты

Фото: Stan.kz
Елдегі жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды. Сәйкесінше еліміздің әр аймағында азық-түлік бағасы өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жылдық инфляция 14 өңірде артқан. 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды. Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% дейін өсті. Маусымда баға 5,4% өзгерген еді. Баға өсімі Алматы қаласында байқалды, ол 8,1% болды , ал аз өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,3% баяулады, маусымда ол 7,4% еді. Бағаның өсу қарқыны Маңғыстау облысында мықты, яғни 13,6%-ға тең, ал минимал мән Алматы облысында (5,1%) тіркелді. Шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,5% өсті, маусымда ол 13,8% болған. Сонымен қатар Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (10,2%) айтарлықтай төмен болды. Шілдеде ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға өсті, бұл – орташа мәнінен төмен.

16 тамыз 2024 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930