Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері Басықара ауылында АЭС-тің маңыздылығын түсіндірді

Халықтық штаб мүшелері Басықара ауылында АЭС-тің маңыздылығын түсіндірді


Бүгін Қазалы аудандық Халықтық штабының мүшелері Басықара ауылының тұрғындарымен елімізде атом электр станциясын салу мәселесін талқылап, маңыздылығын түсіндірді. Кездесуге арнайы аудандық Халықтық штаб мүшелері Қасқырбек Мәмбетжан мен Нұрбек Ақпанбетов қатысты.

Қазіргі таңда елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр. Бұл мәселе көрші елдерден электр ағынан импорттау арқылы шешілуде. Ал атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз. Сондықтан Халықтық штабтың басты мақсаты – қоғамға АЭС салудың маңыздылығын жеткізу және түсіндіру болып табылатындығын штаб мүшесі Қасқырбек Мәмбетжан айтып өтті.

Бұдан соң штаб мүшесі Нұрбек Ақпанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам екенін, бұл үздіксіз электр энергиясын өндірудің әлемдегі ең озық тәсілі екенін алға тартты. 

«Электр энергетикасы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Энeргия көздeрінің жетіспеуі алдағы уақытта ірі өндірістік орындар үшін де үлкен мәселеге aйнaлуы мүмкін. Өйткені, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы осы секілді мәселелерді шешуде өте дұрыс бастама», - деді штаб мүшесі.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарат алғандарын айтып, тиімді жобаға қолдау білдірді.
03 қазан 2024 ж. 168 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031