Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарына АЭС-тің маңыздылығы түсіндірілді

Ауыл тұрғындарына АЭС-тің маңыздылығы түсіндірілді


Бүгін Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің тұрғындарымен елімізде атом электр станциясын салу мәселесі талқыланып, маңыздылығы түсіндірілді. Кездесуге арнайы АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабының мүшелері Ибайдулла Тілеп пен Эльмира Нұрмағанбетова қатысты.
Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз. Халықтың атом электр станцияларына қатысты оң шешімі болған жағдайда Қазақстан осы салада озық технологияларды қолданатын болады. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығын жеткізу және түсіндіру -деп атап өтті штаб мүшесі Ибайдулла Тілепұлы.
Бұдан соң штаб мүшесі Эльмира Нұрмағанбетова сөз алып, АЭС салудың артықшылықтарын атап өтіп, тұрғындарды алдағы науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Қазақстанда атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Бұл үздіксіз электр энергиясын өндірудің әлемдегі ең озық тәсілі. Қазақстанда электр қуаты тапшылығына орай, атом электр станциясын салу қажеттігі туындап отыр. Біз энергетика мәселелері бойынша тәуелсіз болуымыз керек деп ауыл тұрғындарына кеңінен ақпараттар беріп, түсіндірме жасады.

Өз кезегінде тұрғындар тиімді әрі таза энергия көзі АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
18 қыркүйек 2024 ж. 272 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031