АЭС құрылысы көп мүмкіндікке жол ашады – ғалымдар
Бүгін республикалық Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің ғалымдарымен кездесті.
Тың жаңалықпен отандық оқу ағарту саласында сара жолын қалыптастырып, шетелдік жоғарғы оқу орындарының озық тәжірибелерін іске асырып жатырған оқу орынында талантты студенттер жетерлік.
Бүгінде шетелдік оқытушылардан дәріс алып, өз білімдерін жетілдіріп келе жатырған жас буын өкілдері ІТ саласында жоғары жетістіктерге жеткен.
Соның ішінде, оқу орнының Корея мемлекетінің университеттерімен үлгілі байланысын атап өту қажет. Бүгінде, жас ғалымдар халықаралық аренада бақ сынап, шетелдік сарапшылардың оң бағасын алып отыр.
Кездесуде штаб мүшесі атом энергетикасының да ерекше сала екенін атап өтіп, еліміздегі ядро физикалық институттың жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Ядро физикалық институты өз жұмысын 1957 жылы бастаған. Әлемдегі атом станциялары мен реакторларының жұмысын бақылауда ұстайтын халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы орталықта бірнеше мәрте тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бірде бір рет ескерту бермеген екен. Бұл біздің отандық ғалымдарымыздың тиісті деңгейде қызмет етіп отырғанын көрсетеді. Негізі ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуымен Қазақстанға ғылыми тәжірибелер жүргізуге, сондай-ақ ядролық физика әдістерін еліміздің ұлттық экономикасының әртүрлі салаларына енгізуге көп мүмкіндікке жол ашылады. Алдағы уақытта физика ядролық саласыда да өңіріміздің азаматтары жемісті еңбек ететіні сөзсіз деп пікір білдірген штаб мүшесі оқытушылармен жаһандағы атом энергетикасының қазіргі ахуалын талқылады.
Кездесуде университет ғалымдары Қазақстанның ғылым саласындағы орталыққа айналғанын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізді.