Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасарық ауылының тұрғындарына АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Тасарық ауылының тұрғындарына АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді


Бүгін Қазалы аудандық Халықтық штабының өкілдері Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық Халықтық штаб төрағасының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов пен штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев қатысты.
Атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Осылайша, АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады.

«Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады. Экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді», - деді штаб төрағасының Талайлы Бөріқұлақов.

Штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық жағдай жасалғанын, уранның бай қоры, оны өңдеу мен өндіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар екенін атап өтті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
20 қыркүйек 2024 ж. 36 0

Төрештің ұлы топ жарып жүр

20 қыркүйек 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30