Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб өкілдері Қарашеңгел ауылдық округінде АЭС салудың тиімділігін талқылады

Халықтық штаб өкілдері Қарашеңгел ауылдық округінде АЭС салудың тиімділігін талқылады

Бүгін Қазалы аудандық Халықтық штабының мүшелері Ибайдулла Тілеп пен Әділбек Сарабеков Жалаңтөс батыр ауылдық клубында ауыл тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндірді. Халықтық штаб мүшелері АЭС-тің экoнoмикaлық тиімділігі мeн экoлoгиялық қауіпсіздігі туралы айтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудағы рөлін талқылады.
«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Ал III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың айтуынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. АЭС үшін қолданылатын III және III+ буын реакторлары заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, апаттардың алдын алуға арналған арнайы технологиялармен қамтылған, - деді штаб мүшесі Ибайдулла Тілеп.

Мұнан соң штаб мүшесі Әділбек Сарабеков атом электр станциясы бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуының кепілі екенін, АЭС салу арқылы біз өз ресурстарымызды тиімді пайдаланып, экологиямызды қорғауға мүмкіндік алатындығымызды атап өтті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары бірқатар сауалдарын қойып, болашақ ұрпақ үшін жасалатын үлкен қадамға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
18 қыркүйек 2024 ж. 208 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031