Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ү. Түктібаев ауылының тұрғындарына АЭС салудың маңызы туралы айтылды

Ү. Түктібаев ауылының тұрғындарына АЭС салудың маңызы туралы айтылды


Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық халықтық штабының жұмыс жоспары аясында Алға ауылдық округінің орталығы Ү.Түктібаев ауылында тұрғындармен кездесу өтті. Оған аудандық Халықтық штаб төрағасының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов пен штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев қатысты.

«2023 жылы еліміз Ресейден шамамен 100 млрд теңгеге энергия импорттағанын айта кеткен жөн. Белгіленген жоспардан тыс сатып алу кезінде оның құны екі есеге артады. Оның қымбаттығына байланысты тұтынушылар, яғни бізге тұрғындарға кері әсері тиеді. Ал АЭС энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, бүкіл елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды», - деді штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев.


Штаб төрағасының орынбасары Талайлы Бөріқұлақовтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық жағдай жасалған. Уранның бай қоры, оны өңдеу мен өндіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
12 қыркүйек 2024 ж. 257 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031