Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығын 650 млн теңгеден асады: алаяқтық жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Шығын 650 млн теңгеден асады: алаяқтық жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Фото: BILD
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.

– Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі жалған құжат жасаған Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.
19 қыркүйек 2024 ж. 178 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930