Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Kaspi банктің бұрынғы қызметкері қылмысқа не итермелегенін айтты

Kaspi банктің бұрынғы қызметкері қылмысқа не итермелегенін айтты

«Kaspi bank» АҚ-ның іздеуде жүрген бұрынғы қызметкері алаяқтық әрекетке не себепті барғанын айтып берді.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы полиция департаменті тергеу басқармасында алаяқтық факті бойынша Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне енгізілген 43 қылмыстық іс бар. Жалпы шығын сомасы шамамен 320 млн тенге. 
Сотқа дейінгі тергеуде жәбірленушілердің Павлодар қаласы Луначарский көшесі 9 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Kaspi bank»  АҚ филиалында кепіл мүлкін сатып алу мақсатында ағымды шотына (жеке) ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырғаны, сондай-ақ ақшалай қаражат қолма-қол алғаны анықталды.  
2019 жылғы 21 шілдеде Павлодар облысының криминалдық полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында күдіктіні қолға түсірді. Күдікті аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағанын толығымен мойындады. Күдікті Павлодар қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Күдіктінің көрсеткіштеріне қарағанда, ол 2017 жылы өз таныстарынан ақшалай қаражатты пайыздармен  алған, кейін алған қаражатты қайтара алмаған, тек пайызын ғана өтеген.
Ақшалай қаражатқа зар болған ол «Kaspi bank» АҚ несие беру бөлімінің бастығы бола тұра, алаяқтық жасау бойынша теріс ойға келеді. Яғни оған клиенттер нарықтағы бағадан төмен бағаға кепіл мүлкін сатып алу мақсатында жәрдемдесу бойынша көмек сұрап келгенде, мүлік сатып алуда оларға көмектесе алмайтынын алдын ала біле тұра, ол клиенттерден өз есеп шотына ақшалай қаражаттар алған, сондай-ақ қолма-қол ақша да алған.
Кейін аталған ақшалай қаражаттармен өз қарыздарын жапқан, сонымен бірге мүлік сатып алу үшін оған сеніп берілген клиенттердің ақшалай қаражаттарының бір бөлігін қайтарған. 
Полиция департаменті күдіктінің іс-қимылынан зардап шеккендердің барлығын қылмыстық әрекет шарасын қабылдау үшін жазбаша өтнішпен жүгінуді сұрайды. 
24 шілде 2019 ж. 937 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930