Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгін бес түрлі жарыс өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгін бес түрлі жарыс өтеді

Фото: gov.kz
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында бүгін бәйге, құс салу және теңге ілу сайыстарының ақтық кезеңдері өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

13 қыркүйек күнгі жарыс кестесіне жүгінсек, «Қазанат» ипподромында ат жарыстары өтеді, сағат 09:00-да 1 600 метр қашыққа ұшқыр бəйге, 9:30-да 2,4 шақырымға ұшқыр бəйге өтіп, 10:00-де 3,2 шақырымға ұшқыр жүйріктер жарысады.

Сағат 11:00-де 11 шақырымға құнан бəйге, 11:45-те 18 шақырымға топ бəйге өтеді. 12:45-те 09:00-де шақырымға жорға жарысы, сағат 13:30-да 25 шақырымға аламан бəйге өтеді.

Этноауыл теңге ілудің жеті құт бөлімінен іріктеу және ақтық сайысы өткізіледі. Теңге ілу ұзындығы 150 м, ені 20 м болатын арнайы жабдықталған алаңда өтеді. Жарыс республикалық «Теңге ілу» федерациясының ережесіне сәйкес ұйымдастыралы.

Сағат 10-да этноауылда құсбегілік жарыстары басталады. Бүркіт, қаршыға, ителгі салудың ақтық кезеңі ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сағат 12:30 – 13:00 аралығында жоспарланған.

«Алау» мұз сарайында сағат 10-де асық атудың ордо түрінен ақтық кезең өтеді. Жарыстар ерлер арасында өткізіледі. Ордо тегіс жерде өтеді. Шеңбердің диаметрі 12 м. Ойын ұзақтығы 2 сағат. Шеңберден шығарған асықтар санына қарай жеңімпаз анықталады. Жарыс қырғыздың «Ордо Оюну» спорт федерациясының қолданыстағы ережесіне сәйкес өткізіледі.

«Думан» Қонақ үй жəне спорт комплексінде сағат 10-да түріктің зияткерлік ойыны мангаладан іріктеу және финалдық кезеңдер өтеді. Мангаладан ел намысын ерлер арасында Азамат Қайдаров, Биғали Зкрияев қорғаса, әйелдер арасында Құндыз Есіркеп пен Айкерім Қуанышбекова қорғайды.

Мангаланы екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқыр болады. 12 кішкентай шұңқырдан басқа ойыншылардың тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы шұңқыры болады. «Мангала» ойыны 48 таспен ойналады.

Еске сала кетсек, Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтетін болды. Жабылу салтанатын қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынап жатыр. Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам жиналған.
13 қыркүйек 2024 ж. 230 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031