Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді

Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Қазақстан мен Әзербайжан спорттық білім беру, спорттық медицина және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі мыңнан астам жарыс өткізіледі. Қазіргі таңда біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті министр.

Кездесу соңында Фарид Гаибов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, тараптар арасындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
13 қыркүйек 2024 ж. 233 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 163

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 151

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 143

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930