Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 алтын Паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш – Әшімбаев

2 алтын Паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш – Әшімбаев

Фото: Olympic.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Франция астанасында өтіп жатқан дүбірлі додада қарындасымыз парадзюдодан J2 санатында сынға түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Ел мәртебесін асқақтатқан осы бір жеңіспен чемпионымызды және баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, - деді ол.

Ол ел қоржынында күміс және қола медаль бар екенін атап өтті.

Осылайша, Париж паралимпиадасында ел намысын қорғаған атлеттеріміздің арасынан екі бірдей алтын жүлдегер шығып отыр. Бұл – Қазақстан үшін Паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш. Сондай-ақ әзірге ел қоржынында күміс және қола медаль бар екені белгілі. Осы ретте волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрамамыз аталған байрақты бәсекеде 5-орын алғанын айта кеткен абзал. Бұл жетістік елімізде командалық сайыс түрлерінің дамуына зор ықпалын тигізеді деп сенеміз. Жалпы, отандастарымыздың Париждегі жеңісі кейінгі жылдарда елімізде параспортты дамыту жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың нәтижесі екені анық. Алдағы уақытта параспортшыларымыздың бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілекшіміз. Жеңіс тағы да құтты болсын! Алға, Қазақстан, - деп жазды Сенат төрағасы.

06 қыркүйек 2024 ж. 262 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 64

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 45

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031