Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Wildberries және Ozon қазақ тіліне аударылады

Қазақстанда Wildberries және Ozon қазақ тіліне аударылады

© Sputnik / Наталья Селиверстова

“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасының жаңа редакциясына сәйкес Қазақстандағы барлық маркетплейс интерфейсті қазақ тіліне аударуға міндетті, деп хабарлайды РИА Новости Қазақстандағы Ресейдің сауда өкілдігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда екі ірі ресейлік Ozon және Wildberries маркетплейсі жұмыс істейді.

“Қазақстанда жұмыс істейтін барлық электрондық сауда алаңы мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасының жаңа редакциясына сәйкес интерфейсті қазақ тіліне аударуға міндетті болады. Осы заң тплаптарының орындалуын қадағалау Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне жүктелді”, — делінген сауда өкілдігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Қазақстандағы электронды коммерцияның жалпы көлемі 5 миллиард долларға жуықтағаны хабарланды.
Ресейдің республикадағы сауда өкілдігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстандағы маркетплейстерде ең көп сатылған тауарлардың бестігіне телефондар мен гаджеттер (1 млрд доллар), тұрмыстық техника (422 млн доллар), сонымен қатар компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтамалар және компьютерлік өнімдер (368 млн доллар) кірді. Сонымен қатар 290 миллион долларға автотауарлары және 177 миллион долларға құрылыс және жөндеуге арналған тауарлар сатылды.
05 қыркүйек 2024 ж. 282 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930