Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маркетплейстер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі - Сауда министрлігі

Маркетплейстер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі - Сауда министрлігі

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Қазақстанда маркетплейстер мен сатушылар қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Ринат Заитов қызметтерді қазақ тілінде ұсынуда проблема бар екенін және бұл мәселені тиісті заңмен реттеуді ұсынды.

Палата отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ведомство басшысы осы тақырыпқа қатысты түсінік берді.

«Депутат тұтынушылардың толыққанды сапалы қызмет алу мәселесін көтерді және бұл тұрғыда оның айтқаны әбден орынды. Бізде тілге байланысты шектеуге немесе кемсітуге жол берілмейді. Атап айтқанда, электронды саудада кейбірі ана тілінде қызмет көрсетпейді, осының салдарынан тұтынушы оны пайдалана алмайды. Бұл ретте, адамдар неге зардап шегуі керек?! Адамдар нақты әрі сенімді ақпарат алуы қажет. Осы орайда біз тілге қатысты конституциялық ұстаным мен заң талаптарын орындау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Бұл өз кезегінде маркетплейстерге де және басқа да қызметтерге де қатысты», - деді Арман Шаққалиев тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Сауда және интеграция министрі көлік тұрақтарын жаппай ақылы негізге ауыстыру жөнінде сұрақтарға жауап берді.
04 қыркүйек 2024 ж. 188 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930