Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үшінші сессия: Демалыстан келген депутаттар қандай заңдарды қарайды

Үшінші сессия: Демалыстан келген депутаттар қандай заңдарды қарайды

Фото: parlam.kz
4 қыркүйек сағат 10:00-де сегізінші сайланған Мәжілістің үшінші сессиясының ашылуы болды. Бұл күні депутаттар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қарайды.

Сондай-ақ Мәжіліс жаңа Салық кодексінің жобасын, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын жұмысқа алады.

Сонымен қатар олар:

– Астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша;

– зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдауға өзге де қабілеттері шектеулі адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы;

– ЕАЭО елдері мен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісім оған жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы;

– Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды.

Одан бөлек, биылдан бастап Мәжілістің жалпы отырыстары жаңа залда (бұрынғы Парламенттің бірлескен отырыс залы) өтетін болады.
04 қыркүйек 2024 ж. 104 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930