Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Сингапурмен сауда байланысын нығайтпақ

Қазақстан Сингапурмен сауда байланысын нығайтпақ

Фото: depositphotos.com
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Сингапур арасында сауда байланысын нығайтуды көздейтін келісімдерді қолға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгінгі отырыста "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.


Депутат Нұртай Сабильянов құжаттың маңызды тұсына тоқталды.
"Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы және жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер 2019 жылғы 1қазанда Ереванда жасалған. Келісімдердің мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ тауарларды серіктестердің нарығына шығару және ЕАЭО елдеріне инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын қолға алуға, қорытынды әзірлеуге дайын", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

04 қыркүйек 2024 ж. 176 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 124

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930