Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серікболсын Сарыбаев: АЭС экономикасы дамыған елдер салып жатыр

Серікболсын Сарыбаев: АЭС экономикасы дамыған елдер салып жатыр

Біз АЭС төңірегінде таласып жүргенде көршіміз Қытай 11 ядролық реактордың құрылысын салуды бастапты. Кейбір талдаулар бойынша Қытай 2030 жылға таман әлемдегі атом энергиясын өндіруден ең басты елге айналады екен. Қазірдің өзінде Қытайда 55 реактор бар. Халқы көп, экономикасы қарыштап дамып жатқан елге тұрақты энергия беретін атом электр станциялары көптік етпейтін сияқты.

Өзіміз жиі салыстыратын Өзбекстан бізбен шекаралас Жызақ облысында АЭС салуға кірісіп жатыр. Өзіміз жақын тартатын бауырлас ел Түркия "Аккую" АЭС-ін жақын уақытта қолданысқа беруі мүмкін. Осы атом станциясын салуға қазақстандық 150 маман атсалысуда. Егер халық референдумда АЭС салуды қолдаса, сол өзіміздің тәжірибелі мамандар өз еліндегі құрылысқа да қатысуы мүмкін.

Тізімді қарасақ АЭС-ы бар әлемдегі 30-дан астам елдің барлығы дамыған елдер. Жанталасып АЭС салуға талпынып жатқандар да дамыған елдер.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Қазатомпромның бұрынғы бастығы Мұхтар Жәкішовтің АЭС салу бойынша айтқан пікірі де кең талқылануда. Айтуынша жел, күннен алатын энергия көзіне сенуге болмайды, ең тұрақты тоқтаусыз энергияны АЭС береді. Осыларды көріп ойланып қаласың.

Серікболсын Сарыбаев, әлеуметтанушы
23 тамыз 2024 ж. 365 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930