Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз есірткіге қарсымыз!

Біз есірткіге қарсымыз!

Біз - қарапайым қазақ отбасымыз. Әке, ана және екі бала. Біз осы үндеуді барлық ата-анаға, барлық жастарға, барлық қазақстандыққа арнап отырмыз.
Бүгінде есірткі алыста емес. Іздемей-ақ жаныңнан табылатын қауіпті зат. Ол - біздің аулада, біздің мектептің жанында, біздің баламыз отыратын телефонның ішінде. Telegram-дағы "жұмыс ұсынамыз, күніне 20 мың" деген жарнаманың артында - өлім тұр. Сол үшін құрметті ата-ана! Балаңыз кеш келсе, ұйқысы қашса, ақша сұрауы көбейсе, көзі қызарса "өтпелі кезең" деп немқұрайлы қарамаңыз! Бұл - дабыл!
Біздің отбасымызда 3 ережеден тұратын негізгі қағида бар. Сіздермен де бөлісуді жөн көрдік.

1. СӨЙЛЕС!
Күніне 15 минут балаңмен досыңдай сөйлес. "Сабағың қалай?" емес, "Бүгін көңілің қалай? Қандай қиындық болды?" деп сұра.

2. БАҚЫЛА!
Балаңның телефонын жасырын тексеру емес, ашық бақылау. Кіммен сөйлеседі, қайда барады, қандай топта отырғанын білу ұят емес, міндет!

3. ҮЙРЕТ!
"ЖОҚ" деп айтуды үйрет. "Досың берсе де, ағаң ұсынса да - ЖОҚ де! Нағыз дос есірткі ұсынбайды!"
Мырзабек Айша бибі,
6 "а" сынып оқушысы
19 қазан 2026 ж. 60 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031