Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай 11 жаңа ядролық реактор салатынын мәлімдеді

Қытай 11 жаңа ядролық реактор салатынын мәлімдеді

Фото: Mohammed Badra / Reuters

Қытай елдің 5 аймағында 11 жаңа ядролық реактордың құрылысын мақұлдады. Бұл туралы Anadoly агенттігі хабарлады.

Елдің министрлер кабинеті қызметін атқаратын Мемлекеттік кеңес дүйсенбі күнгі отырысында солтүстігінде Шаньдунда, шығысында Цянсу мен Цицянда, оңтүстігінде Гуандун мен Гуанси Хуан автономиялық ауданында жаңа ядролық реакторлар салу туралы шешім қабылдады, деп жазады жергілікті БАҚ.

11 жаңа реактордың құрылысы шамамен 220 миллиард юаньға (30,85 миллиард доллар) бағаланады.

Қытайдың жалпы ядролық энергетикалық корпорациясы (CNGP) 6 реактордың, Қытайдың ұлттық ядролық энергетикалық корпорациясы (CNNC) - 3 және мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы (SPIC) - 2 реактордың құрылысын қолға алады.

Қытай 2022 және 2023 жылдары 10 жаңа реактордың құрылысын мақұлдаған.

Қазіргі уақытта Қытайда 55 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Ол АҚШ пен Франциядан кейінгі ең көп реакторы бар ел.

Қытай жобаланып жатқан немесе салынып жатқан 36 реакторды қосып, 2030 жылға қарай ядролық қуаттылық бойынша әлемдік көшбасшы болуды мақсат етіп отыр.

21 тамыз 2024 ж. 340 0

Бақытқа бөлеген мекен

10 қазан 2026 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031