Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бірнеше атом электр станциясы салынбақ

Қазақстанда бірнеше атом электр станциясы салынбақ

Фото: Ашық дереккөзден
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде бір емес, бірнеше атом электр станциясын салу жоспарда барын айтты. Сондай-ақ министр соңғы шешім қазақстандықтардың еншісінде екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, мәселе елімізде бір ғана АЭС салуда емес, Қазақстанда атом энергетика саласының дамуында.
“Әлем бойынша атом энергетикасы энергетикалық жүктемелерді жабудың ең перспективалы түрі ретінде ұсынылған. Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге болатын бірнеше тиімді учаскелер бар”, – дейді министр.
Энергетика министрлігінің мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер қазақстандықтармен кездесіп, атом электр станциясын салудың пайдасы туралы айтып, тамыз айының соңына дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде референдумның өтетін уақыты да белгілі болмақ.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның солтүстігіне, оңтүстігіне және батысына кемінде үш атом электр станциясы қажет деген еді.
Сондай-ақ министр Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты тағы бір ойын жеткізді.

“Жобаны жүзеге асыратын шетелдік компанияларды әдейі жамандайтын лоббистер тобы бар. Атом электр станциясын салу мәселесін қараған кезде эмоцияға берілмеу керек. Өйткені ядролық технологиялардың қауіпсіздік деңгейі қазір ең жоғары деңгейде”, – дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев АЭС салу туралы референдум жыл соңында өтуі мүмкін деп болжам жасаған еді. Бұған дейін Тоқаев референдумның күзде өтетінін мәлімдеді.
17 шілде 2024 ж. 221 1

Janette от 8 маусым 2025 03:57
You suggested it very well. casino en ligne Regards, Awesome information. casino en ligne Nicely put. Thanks! casino en ligne Thanks a lot! A lot of content! casino en ligne Really tons of wonderful advice. casino en ligne Nicely put. Kudos! casino en ligne France Perfectly voiced genuinely! . casino en ligne fiable Good write ups, Thanks! casino en ligne fiable Useful postings, Cheers! casino en ligne Nicely put. Thank you. casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031