Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекемеге заң қандай жаза кеседі

Лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекемеге заң қандай жаза кеседі

Фото: Корея мәдени-ақпараттық қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында  тиісті сертификаттар мен лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекеменің заң алдындағы жазасы қандай болатынына түсінік берді.

Жауапта Кәсіпкерлік туралы, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстер Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тұрғындардан пластикалық отамен байланысты шағым түссе, жоспардан тыс тексеру жүргізуге өкілет беретіні айтылған. Сондай-ақ оның аумақтық департаменттері медициналық қызмет көрсететін ұйымдарды мемлекет атынан бақылайды. Мұндай жоспардан тыс тексеру жүргізуге мыналар негіз болуы мүмкін:

– адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, зиян келтіру қаупінің нақты фактілері бойынша прокуратураның нұсқауы;

– адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу туралы мемлекеттік органдардың өтініштері;

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының нұсқауы.

   
«Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша осы қызмет түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адам заңсыз медициналық қызметті анықтаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 424-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылады. Нақтырақ айтсақ, жеке тұлғаларға 5 АЕК (18 460 теңге -ред.) мөлшерінде, лауазымды адамдарға 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде, заңды тұлғаларға 20 АЕК-тен (73 840 теңге) 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшеріне дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бұл әрекет бiр жыл iшiнде қайталанса, жеке тұлғаларға денсаулық сақтау саласындағы маманның куәлiгiнен айыра отырып, лауазымды тұлғалар мен субъектiлерге 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табысы тәркіленіп, 65 АЕК-тен 700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Денсаулыққа орташа және ауыр дәрежедегі зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», - деп жазылған министрлік жауабында.

19 тамыз 2024 ж. 85 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031