Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда балық экспорты сегіз есеге артты

Аралда балық экспорты сегіз есеге артты

Арал өңірі балықшыларының ІV слетіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Ауыл шарушылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері, сала ардагерлері және Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Ресей Федерациясынан делегациялар қатысты.
–Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Ғасыр жобасы» атанған Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы аясында атқарылған ауқымды шаралар нәтижесінде балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамып келеді,-деді облыс әкімі салтанатты жиында. - Қасиетті Сыр елі өзінің жер асты байлығы – мұнай, уран, түрлі-түсті металдар, ақ күріші, төрт-түлік малымен бірге Арал балығымен мақтана алатындай берекелі, құтты мекенге айналуда. Көп жыл ұмыт болып, бүгінде дәстүрге айналған балықшылар слетінің негізгі мақсаты – саланың жаңа замандағы алар орны жайлы ой салу, осы кәсіпті дамытудың жолдары туралы пікір алмасу болады.
Бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланады. Соңғы 5 жылда аймақтағы балық аулау көрсеткіші 2 есеге артқан. 2013 жылдан бері балық өнімдерін өңдейтін 4 зауыт салынса, оның 4-еуі өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін еурокодқа ие.
Балық өнімдері Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Дания, Польша мен Қытай елдеріне экспортталып жатыр. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8 есеге артты. 2018 жылдың І жартыжылдығында балық өнімдерін экспорттауда 32 пайызға өсім байқалды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
17 шілде 2018 ж. 1 910 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031